Ақмола облысы Атбасар қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицейлер 34 жастағы тұрғынның басқаруындағы “Вольксваген гольф” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Құжаттарды тексеру кезінде бұл азаматтың көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені анықталған. Осы факті бойынша оған қатысты Әкімшілі құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама түзілді.
«Бұдан өзге ол шетелдік көлікті оған қонаққа келген досы Атбасар ауданының 35 жастағы тұрғынынан ұрлап кеткені белгілі болды. Досы ұйықтап жатқанда ер адам дүкенге барып келу үшін көлікке мінген. Алайда полиция қызметкерлерінің қолына түскен» деп атап өтті полициядан.
Осы фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.