​Сайрам тұрғыны 20 млн тұратын көкпар жылқысын жоғалтып алды

Теги:
390

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны көкпарға қатысатын айғырын ұрлатып алды. Осылай деп арызданған ер кісі жылқы Ақбастау ауылы маңында орналасқан қорасынан жоғалғанын айтқан. Сонымен қатар ол ірі қара малын бағуға сеніп тапсырған жылқышы да ұшты-күйлі жоқ болған. Жәбірленуші өз сөзінде аталған жүйрік аттың бағасы базар нарқымен 20 миллион теңге екенін көрсетті.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде оқиға болған күннің ертеңіне жоғалған жылқы Түлкібас ауданындағы мал базарда сатылып тұрған жерінен табылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәлметінше, шымкенттік жылқышы жас жігіт малды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсамақ болған. Көкпар аты заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы толық анықталатын болады.

Алдыңғы пост
Smart Student байқауының жеңімпаздары үшінші мегаполистің жоғары оқу орындарын басқарады
Келесі пост
​Қылмыстық топ мүшелері Президент сайлауында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu