​Стамбұлдан Шымкентке келген жолаушы 63 діни кітапты алып өтпек болған

Теги:
754

Көлік полицейлері халықаралық әуе рейсінің жолаушысынан діни мазмұндағы 63 кітапты тәркіледі. Яғни, Шымкент қаласының әуежайында «Стамбул-Шымкент» бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін жүктерді тексеру барысында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол діни мазмұндағы кітаптарды алып өтпек болған.

«Көлік полицейлері ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 50 АЕК (153 150 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды» деп атап өтті Көліктегі полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Президент сайлауы кезінде Шымкент қаласының төрт ауданында сall-орталықтар іске қосылады
Келесі пост
Үшінші мегаполисте әлеуметтік кәсіпкерлер іздестірілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu