379
Әлеуметтік желілерде жас қызды бірнеше жігіттің күштеп, жеңіл көлікке отырғызған сәтінің видеосы тарады. Бейнежазбаны куәгерлердің бірі түсіріп алған. Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы сұлулық салоны алдында орын алғаны белгілі болды.
Облыстық Полиция департаментіндегілер жергіліктің тұрғын жас қызды өзара келісім бойынша алып қашқанын алға тартты. Бүгінде аталмыш жастар ата-аналарының рұқсатымен үйленген. Полицияға олардың ата-аналары тарапынан қандай да бір арыз-шағымдар түспеген. Дегенмен орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелген. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігі “Бас бостандығынан заңсыз айыру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.