​Мамандандырылған ХҚКО қызметкері жалған құжаттарды жасап келген

Теги:
328

Жамбыл облысында жалған құжаттарды (техникалық паспорттарды) дайындаумен айналысып келген адамдар тобы ұсталды. Олар: Шу ауданының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы – осы мекеменің бұрынғы қызметкері.

Орталықтағы қызметкер әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан.

Тінту барысында күдіктінің атына рәсімделген 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт, техника және одан әрі жалған құжаттарды дайындау үшін дайындалған 500 дана пластикалық карточка тәркіленді.

«Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​Киім дүкеніне ұрлыққа түскен тұрғын сотталды
Келесі пост
Үшінші мегаполистің кәсіпкерлері жеке деректердің ағып кетуіне алаңдамаса болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu