388
Шымкентте қаладағы киім дүкендерінің біріне ұрлыққа түсіп, кассадағы 240 мың теңгені қолды қылған ер кісіге сот үкімі шықты. 28 жастағы тұрғын сауда орнына терезесін бұзып кіру арқылы арам пиғылын жүзеге асырған.
Тергеу барысында ер азамат мұндай қадамға қордаланған қарыздарынан құтылу үшін барғанын айтқан.
Полиция департаментінің мәліметінше, басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген.
Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану қажет деп тапты. Сот үкімімен ер кісі 3 жылға сотталды.