323
Атырауда микроқаржылық ұйымдардың біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға сағат 11:20 шамасында болған. Мекемеге бетперде киген белгісіз ер адам келіп, касса қызметкерін тапаншамен қорқытқан. Ондағы 208 мың теңгені алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бұл туралы полицейлерге 102 арнасы арқылы жәбірленуші хабарласқан. Күдікті бір сағат ішінде ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азамат 1999 жылы дүниеге келген. Одан айғақ заттар тәркіленіп, күдікті Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа тергеу амалдары басталды.