Үкімет 2023 жылы 34 заң жобасын әзірлемекші

349

​ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Үкімет үйінің баспасөз қызметі.

Әділет министрі Қанат Мусин келесі жылы мемлекеттің басым міндеттерін орындауға бағытталған 34 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады. Атап айтқанда, Қала құрылысы және Бюджет кодекстері, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сондай-ақ әкімшілік әділетті, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобалары дайындалатын болады.

Сонымен қатар Су кодексін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен аквамәдениетті қорғау бойынша жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет ұсынылған Жоспар жобасын мақұлдады.

Алдыңғы пост
​Шымкентте 29 жастағы жігіт ірі көлемде есірткімен ұсталды
Келесі пост
​”Шымкент нейрохирургиясын жаңа, әлемдік деңгейге шығарайық”: Шымкентте нейрохирургияны дамыту жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu