421
Ақтөбеде Шұбарқұдық – Ойыл автожолында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Полицейлердің дерегінше, ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі трассада келе жатып, рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жол бойында аударылып кеткен. Көлікті 32 жастағы тұрғын тізгіндеген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал екінші жолаушы – 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.