​Астаналық жас жігіт дүкеннен қымбат иіссуларды ұрлап кетті

Теги:
401

Астанада 23 жастағы жігіт иіссу ұрлаймын деп істі болды. Оқиға Керей Жәнібек хандар көшесіндегі парфюмерлік дүкендердің бірінде болған. Дүкенге сатып алушы ретінде келген жігіт сатушылардың назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, сөреден екі дана «Versace» маркалы иіссуларды ұрлап кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 36 мың 700 теңгені құрады.

Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

Алдыңғы пост
​Шымкентте аспалы көпірдің құрылысы аяқталды
Келесі пост
​Кір тасын бір қолымен 10 рет көтерген әжей жұртты таң қалдырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu