Риддерде жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аймақ басшысы Даниал Ахметов кеше, 11 қарашада No6 жоғары қысымды қазандықтағы ақау жойылғанын, қазандық гидравликалық сынақтардан өтіп, қаланың жылу жүйесіне қосылғанын айтты, деп хабарлайды Elitar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір қала тұрғындарының үйіне жылу келді, ыстық су бар. Жылу электр орталығының жұмысын жолға қою мүмкін болғандықтан, облыс әкімімен бірлесіп, 14 қараша, дүйсенбіден бастап балалар балабақша мен мектепке бара алады деп шешілді. Бұған дейін олар қашықтықтан білім алған. Мектептер мен балабақшаларда әлі де салқын. Бірақ демалыс күні әлі алда. Осы уақыт ішінде бөлмелердегі температура көтерілуі керек.”
Дүйсенбіден бастап мектеп және мектепке дейінгі мекемелер қалыпты жұмыс режиміне оралуда. Төтенше жағдай “Риддер ЖЭО” АҚ-да апат салдары толық жойылғанға дейін сақталады”, – деді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горковой.