335
Ауыл әйелдерінің көбі кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, өз ісін дөңгелете бастады, деп хабарлайды Elitar.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумында айтылды. Ауқымды шараға еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық іскер қыз-келіншек қатысып, тәжірибесімен бөлісті. Әрі қаладан шалғайда жатып, кәсіпкерлікті қалай дамытуға болатынын талқылады.
Соңғы екі жылда ауылда отырып өз ісін жүргізген келіншектердің саны 10 есеге артқан. Тегін онлайн курстардың арқасында 60 мыңнан астам әйел қажетті білім алды. «Әлеуметтік белестері» жобасы аясында 120-ға тарта әйел 4 мың долларға тең қайтарымсыз грант ұтып, жеке ісін бастап кеткен.