Жетісу облысы Жаркент қаласындағы Әуезов көшесінде Toyota Camry көлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. 28 жастағы ер кісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды. Polisia.kz жазуынша, 31 жастағы жүргізуші ұсталды. Жаркент полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
«Қатты соққыдан оқиға орнында автокөліктің мемлекеттік нөмірі (МТНБ) түсіп қалған. Сол арқылы оқиға орнынан қашқан жүргізушіні анықтау мүмкін болды. Жүргізуші көршілес Алматы облысыың тұрғыны. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды», – деді Панфилов ауданының полиция бөліміндегілер.
Жол апатынан аман қалған 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында. Тергеу екі қылмыстық бап бойынша жүргізіліп жатыр.