Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бас директорына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ведомство дерегінше, ол ағымдағы 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директорынан 9 млн теңге қаражат алды деген күдікке ілінген. Бұл сома Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін алынған.
«Тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен расталды. Оған ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды» делінген агенттік мәліметінде.