643
Алматыда жезөкшелікті кәсіп еткен жеңіл жүрістілердің интим-салоны анықталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Медеу ауданындағы Шухов көшесінде орналасқан күмәнді мекемеге тексеру жүргізген.
«Салон рейдтік іс-шараның нәтижесінде анықталды. Тексеру барысында онда интимдік қызмет көрсететін сегіз әйел болды. Үйін жезөкшелікпен айналысу үшін жалға берген үй иесі жауапқа тартылды. Ал салон қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 492-бабы бойынша әкімшілік айыппұлға тартылды. Олардың барлығы сырттан келгендер, Алматыда тұрақты тіркеулері жоқ», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.