​Еден жуушы боп жұмысқа тұрғысы келген шымкенттік ақшасынан айырылды

Теги: ,
358

Шымкентте екі қолға бір күрек іздеп, еден жуушы боп жұмысқа тұрғысы келген тұрғын 250 мың теңгесінен айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, 31 жастағы азаматша қаламыздағы денсаулық сақтау мекемелерінің біріне еден жуушы етіп жұмысқа орналастырып беремін деп уәдені үйіп-төккен. Ол қызметі үшін алдын-ала сыйақы ретінде ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды. Алайда алаяқ сол күйі уәдесін орындамай, ақшасын да қайтармай қойған.

Қалалық Полиция департаменінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталды. Жасы – 31-де, жұмыссыз. Бұған дейін алаяқтық жасағаны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті полициядан.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды.

Алдыңғы пост
​Ұландық жауынгер әлемдік додада алтын алды!
Келесі пост
​Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu