Түркістан облысы Төлеби ауданында жол-көлік оқиғасын жасаған мас халдегі «Зил» жүк көлігінің жүргізушісі анықталды. Оқиға түнгі сағат 00:40 шамасында Мәдени ауылы көшелерінің бірінде болған.
«Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы шықты. Полицейлер тексеру барысында жанармай құю бекетінің алдында «Зил» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі «Volrswagen touareg» көлігімен соқтығысып, жол апаты орын алғанын анықтады. Жүргізушілердің құжаттарын тексеру кезінде «Зил» жүргізушінің мас күйіне күмән келтірген полицейлер оны медициналық сараптамадан өткізді»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.
Сараптама қорытындысына сәйкес егде жастағы ер адамның «орта дәрежелі» мас халде екені анықталды. Аталған жайт Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 3-бөлігімен тіркеуге алынып, жинақталған іс құжаттары сотқа жолданған. Төлеби аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.