​«Сәт» триосының әншісі барахолкада ән салып жүр

Теги: ,
384

«Көнеміз ғой» әнімен талай жанды жылатқан «Сәт» триосының әншісі Азат Әбілдаев Алматыдағы барахолкада ән салуға мәжбүр. Зағип жандардан құралған топ мүшесінің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады. Бейнежазбада көзіне қара көзілдірік таққан жігіттің жанды дауыста ән айтып тұрғанын көруге болады. Оның бұл өнеріне көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар жиналып, қолдау білдіреді.

Видеоны көрген желі қолданушылары мүмкіндігі шектеулі әншінің көшеде ән салып жүргеніне қынжылды.

«Нағыз талант, нағыз дауыс. Алла жар болып, бақыты жансын», «Қандай керемет. Алла жәрдемшің болсын» Мәдениет министрі қайда қарап жүр? Осындай таланттарға көмек беру керек!», «Осы балалардың әнімен өстік. Неге сахнада емес, көшеде ән айтып жүр?», «Жаным-ау, жұрт миллиондап ақша төлеп, онсыз да қалталы әншілерді шақырады. Неге осыларды шақырмайды екен?», «Жүрегім ауырып отыр. Намыс қайда бауырлар? Даусы жоқтар сахнада жүр, мына баланың орны дала ма еді? Не деген әділетсіздік?» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
​Түркістан облысында оқушы бала асылып өлді
Келесі пост
​Ақтөбеде өмірден түңілген әйел көпірден секіріп өлмек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu