440
Жетісу облысы Жаркентте кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Volvo жүк көлігі және Mitsubishi Pajero соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл көліктің 50 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Көліктің 37 жастағы жүргізушісі де апаттан зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Полицейлердің мәліметінше, Қонаев – Ходжамьяров көшелерінің қиылысында Mitsubishi Pajero жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу белгісін елемей, Volvo жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.
Қазір екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды.