Алматыда есірткі сатушы мен порностудия иесі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жедел әрекет есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерін Алматыдағы түнгі клубтардың біріне апарды. Онда 20 жастағы В. есімді азамат көзге түсті.
– Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон – 4метилметкатинон (мефедрон) аналогы.
Сонымен қатар осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі – 26 жастағы М. есімді азаматқа қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер, белгілі болғандай, есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналды. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық шағын ауданында орналасқан. – Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар – нашақорлар. М. есімді азамат оларды есірткімен қамтамасыз етеді.
Порнографиялық мазмұндағы бейнероликтер таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазіргі уақытта оның әрекетін ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешілуде.
Негізгі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әлмағамбетов.