​Түркістанда мүмкіндігі шектеулі әйел үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған

Теги:
344

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол үйінде жүрген мүмкіндігі шектеулі 46 жастағы әпкесінің белгісіз бағытқа шығып кеткенін және қайта оралмағанын айтқан. Туыстары әйелді өз беттерінше іздеп, нәтиже шықпағаннан соң полициядан көмек сұраған.

«Аталған жайт бойынша тергеуші, полиция аға лейтенанты Айбек Пернебек жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жоғалған әйел табылып, отбасымен қауышты. Анықталғандай күндізгі уақытта орта жастағы әйел үйінен шығып кетіп, көше бойында жүрген. Сондай-ақ полицейлер әйелдің түн ортасы болғанда көршісінің үйіне ескертпестен кіріп, қонғанын анықтады»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Жоғалған тұрғынның туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Алдыңғы пост
Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан “тазартуды” жеделдетуді тапсырды
Келесі пост
БҰҰ Бас хатшысы: биыл бүкіл әлем бойынша 70-тен астам журналист қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu