355
Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады. 54 жастағы әйел Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде жүрген. Ол – Батыс Қазақстан облысының тумасы.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, орта жастағы тұрғыны осы уақытқа дейін Алматы қаласында тұрып келген. Ол жалған құжат жасап алған екен.
«Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Алматы қаласында әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алды» делінген мәліметте.