​Түркістанда жасырын цех анықталып, 8 тоннадан астам кіру жуғыш ұнтағы тәркіленді

Теги:
314

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығында контрафактілік өнім дайындау жер асты цехын анықтады.

Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлігі “Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану” бойынша тіркеуге алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіндегілер хабарлады.

Нәтижесінде 4 күдікті ұсталды. Оның үшеуі Түркістан қаласының тұрғындары. Олардың бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы. Тағы бір күдікті Өзбекстан азаматы.

Жедел уәкілдер үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты. Олардың саны шамамен 200 дана. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы 8 тоннадан асты.

«Күдіктілер қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни “Ariel”, “Миф”, “Tide” және “Persil” сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады» деп атап өтті ведомстводағылар.

Алдыңғы пост
​Кентаулық тұрғын құрылысы әлі бітпеген үйге ұрлыққа түскен
Келесі пост
​Үшінші мегаполисте қандастарды қолдау үшін барлық жағдай жасалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu