​Қонақ үй клиенті 53 жастағы қызметкер әйелді зорлап кетті

Теги:
399

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда қонақ үйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікті ұсталды. Ол іздеуде жүрген, бұрын сотталған ер адам.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға келіп түскен. Белгілі болғандай, орта жастағы қызметкерді қонақ үй бөлмесінде тұрып келген белгісіз ер адам зорлаған. Оқиға орнынан қашып кеткен ол 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты. Оның жеке басы қонақүйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

«Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекен-жайы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) және 121-бабы (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу жүргілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Алдыңғы пост
​95 жастағы әжей әскерден келген немересін сән-салтанатпен күтіп алды
Келесі пост
Астана әкімі Алтай Көлгінов елордалық коммуналдық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға арттыруға уәде берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu