Жеті облыстың тұрғындары әлеуметтік көмірді мобильді қосымша арқылы сатып ала алады

370

​ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Halyk Market платформасына операторларды қосу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бүгінгі таңда еліміздің 11 өңірлік операторы Halyk Market платформасы арқылы көмірді саудалауда. Ендігі кезекте жаңа пилоттық жобаға Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Halyk Homebank банктік қосымшасы арқылы Halyk Market бөлімінде көмірді сату нүктесін, қажетті маркасы мен көлемін таңдап, онлайн-төлем жасауға немесе тауарды 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге болады. Аталған заманауи шешім қатты отынды тікелей көмір тұйығынан кезексіз сатып алуға әрі жылыту маусымына дайындықты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Интернет арқылы сатып алынған көмірдің сапасы көңілден шықпаған жағдайда, сатып алушылар тауарды қайтарып беруге құқылы екенін атап өткен жөн. Жүктелетін көмірдің сапасына көз жеткізгеннен кейін тұрғындар қатты отынды өздеріне ыңғайлы уақытта алып кете алады.

Алдыңғы пост
Сапалы жолдар-дамыған экономиканың көрсеткіші
Келесі пост
Бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша 3 өңірде 7 әлеуметтік маңызы бар нысан салынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu