577
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан келген жолаушыны ұстады. Ведомство мәліметінше, ол Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды алып өтпек болған.
«Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді. Олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген» деп атап өтті агенттіктегілер.
Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден ақан. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.