Еліміздің республикалық жолдарында орналасқан 374 суық әжетхана бұзылады

327

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында шамамен 1700 жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары бар. Оның ішінде 1 147 нысан немесе 70% ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Биыл жол бойында орналасқан тағы 80 қызмет көрсету нысанын ашу көзделіп отыр.

Автожолдардың бойында санитарлық-гигиеналық тораптар ашу басым мәселе. Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 618 демалыс алаңы бар, оларда жеке инвестициялар есебінен модульдік үлгідегі санитарлық-гигиеналық тораптар орнатуға болады. Ұлттық компания қызметкерлері өңірлерде шағын және орта бизнес өкілдерімен белсенді жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлер санитарлық-гигиеналық тораптардан басқа модульдік павильонда сауда алаңдарын жасақтай алады. Бүгінгі таңда 53 модульдік СГТ жұмыс істейді, жыл соңына дейін демалыс алаңдарында осындай 20 нысанды орнату жоспарлануда. Бұл шаралар жүргізушілерді санитарлық-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етіп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, қоғам ЖМҚС желілерімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда. Қазіргі уақытта жанармай құю станцияларының ірі желілерінде заманауи сауда алаңдары қарастырылған. Қол қойылған меморандумдар аясында 2025 жылға дейін республикалық желіде 134 ЖМҚС іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта республикалық жолдардың бойында 374 «салқын дәретхана» орнатылды. Түсіп жатқан шағымдарға байланысты мұндай объектілерді кезең-кезеңімен бөлшектеу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда 15 салқын дәретхананы бөлшектеу жүзеге асырылды. Осы мәселе бойынша жұмыс жалғасатын болады. Мұндай шешімді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қабылдап отыр деп хабарлайды Elitar.kz.

Сондай-ақ, пайдаланушыларды қажет ақпаратпен қамту үшін, яғни бағыт құруға, маршрут бойындағы барлық нысандармен танысуға, рейтингтер мен шолуларды көруге және демалыс аялдамаларын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленуде. Қосымша интернетсіз де жұмыс істей бермек. Бұл қосымша осы жылдың желтоқсан айында пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Алдыңғы пост
Ташкент әлемдегі ең лас қалалар рейтингінде көш бастады
Келесі пост
Шымкентте тараптарды татуластыру рәсіміне қойылатын талаптар күшейтіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu