379
Алматы қалалық №2 перзентханада алып сәби дүниеге келді. 32 жастағы келіншек жүктіліктің 39 аптасында қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы – 5 328 грамм, бойы – 60 см. Ақ халаттылардың айтуынша, келіншек еш қиындықсыз босанған. Тіпті ол жүктілік кезінде құрсақтағы сәбиінің салмағы ауыр екенін де сезінбепті.
Анасы мен нәресте үш күн перзентханада жатқан соң үйіне шығарылған. Екеуінің де жағдайы жақсы.
Айта кетейік, бұл келіншектің үшінші баласы.