Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам ардагерге әлеуметтік қолдау көрсетілді

Теги:
359

Түркістан облысында 4500-ден астам ардагерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов өңірде өткен брифинге айтты.

«Облыс бойынша қарттар мерекесін өткізу мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» атты іс-шарасы жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдеріне жолданды. Нәтижесінде, мерекеге орай 4 627 ардагермен теңестірілгендерге 37,3 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, өңір басшысының бастамасымен 1 қазанда облыстағы 150-ден астам ардагердің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Одан бөлек, «Қарттарым аман жүрсің бе?» тақырыбында өңірдегі 100 жастан асқан 75 қарияны құттықтау акциялары ұйымдастырылуда», – деді спикер.

Нұржан Нұрашовтың айтуынша, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әр аудан, қалаларда жергілікті бюджет есебінен жалғызілікті қарттарға 2-5 АЕК аралығында материалдық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, азық-түлік себеттері таратылып, мерекелік дастархан ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, 1 қазанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыс, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар және еңбек ұжымдарында кездесулер, сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізеді.

Бұдан өзге Түркістан облысында 8 мыңға жуық қария «Ардагерлер үйінде демалуға жолдама алды.

«Қарияларды сауықтыру мақсатында жыл басынан бері облыстық бюджет есебінен «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлерінде 8 мыңға жуық қария денсаулығын түзеуге мүмкіндік алды. Демалу мерзімі – 14 күн. Бір жылда ардагерлердің 20 легін қабылдау белгіленген. Бүгінге дейін жалпы 4 090 ардагер демалды. Жыл соңына дейін қалған қариялар демалуға жіберіледі», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, тұрғындардың жеке санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету және сауықтыру мақсатында жергілікті бюджеттер есебінен 4 594 зейнеткерге 410 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, 2 241 ардагер өз қалауы бойынша басылымдарға тегін жазылады. Осы ретте 80 жастан асқан 382 жалғызілікті қарияның зейнетақыларына ай сайын 1 АЕК (3 180 теңге) мөлшерінде үстемақы төленеді.

Айта кетейік, «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 10 мыңға жуық ардагерге қолдау көрсетілді. Акция аясында қоғамдық көліктерге тегін жүруге, электр, газ және судың ақысын төлеуге, дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек берілді.

Алдыңғы пост
Виза аштырып, шетелде нәпақа таппақ болған шымкенттіктер сан соғып қалды
Келесі пост
Осы қыста шымкенттіктер көмірсіз қалмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu