Павлодарда лифт ішінде дәрет сындырған тұрғын ұсталды. Ер адамның бұл әрекеті ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қажеттілігін өтеп болған сәтте лифт есігі ашылып, оны тұрғындар байқаған. Олардың бірі ер кісінің бұл әрекетіне ашуланып, үйінен бір шелек су мен тазалығыш құралын алып шыққан. Дәрет сындырған адамға жеделсаты ішін тазалауды талап еткен. Сонымен қатар дереу полицияға хабар берген.
Оқиға Ломов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушы ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ер адам досына қонаққа келген екен. Бірақ ол үйінде болмаған. Ал төмен түсіп бара жатқанда биологиялық қажеттілікті өтеуіне тура келген. Амалсыздан лифт ішінде дәрет сындыруына тура келгенін айтқан ол оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.