341
Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, күдіктілер қамауда. Бұл туралы ол ведомствода өткен брифингте мәлімдеді.
«Алдын ала сөз байласқан топ мүшелері өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ол.