​«ИГІ ІСТІҢ БАСЫНА – ЖАҚСЫ КЕЛЕР ҚАСЫНА» – әділетті Қазақстан құруды Президентпен бірге бастаймыз!

Теги:
370

Жақында ғана ел Президенті мемлекетіміздің жаңа бағыттар мен жаңа бағдарламалар, жаңа жобалар арқылы алға өркендеуінің негізі ретінде осы жылға екінші рет қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» реформасын алға екпінді түрде жүзеге асырудың тың серпілісіболды десек артық емес.

Бес бағдарға бөлінген жолдауда мемлекет басшысы экономика мен саясаттағы, білім мен денсаулық сақтау саласындағы сонымен қатар әлеуметтік дамудағы түйткілді мәселелерді түйіндеп қана қоймай, оның шешілу жолдарына дейін айқындап нақты тапсырмалар берді.

Ел экономикасын көтеру, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жеке кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, сонымен қатар ұлттық табысты әділ бөлу сияқты баса назар аударатын жаңа бағыттарды тізіп өтті. Бұл кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін, өзінің арнайы жобасы бар білімді де білікті ел азаматтары үшін таптырмас қолдау.

Мемлекетіміздің Азия мен Европа арасындағы геосаяси орналасуын барынша пайдаланып, экономикамызға транзиттік қуатты арттыру арқылы үлкен пайда келтіру қажеттігін және осы жұмысты жандандыру үшін дүние жүзі бойынша ең мықты логистика мамандарын тартуды айтты. Сонымен қатар 2025 жылға дейін жолдардың 95 пайызын жақсарту жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл мемлекетіміз үшін ғана емес жергілікті тұрғындар үшін де игілікті іс болары анық.

Халықтың мұң-мұқтажының ең өзектілерін дөп басып айтқан мемлекет басшысы халық денсаулығы мен жастардың білім алу мәселесіне терең тоқталды.

«Еліміздің басты құндылығы адам. Бұл айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», – деді Президент Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев.

Реформаларда көрсетілген ұлттық жобалардың аясында заманауи технологиялармен жабдықталған 32 аудандық аурухана жасақталатыны туралы жаңалық өз денсаулығы үшін алаңдаулы аудан, ауыл жұрты үшін ең қуанышты жаңалықтардың бірі болды. Телемедицинаны дамыту арқылы ел мәдениеті мен дәстүрінің ошағы саналатын шалғайдағы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамытамыз деді.

Ал мемлекетіміздің жарқын болашағының берік негізі болатын жастарға білім беру мәселесіне ерекше қадамдар жасалды. Сапалы білім – табысты ұлты болудың маңызды шарты екенін ескерткен Президентіміз білім беру ошақтарының майталман мамандары тәрбиешілер мен ұстаздардың әлеуметтік және қаржылық жағдайын көтеру арқылы берілетін білім мен тәрбиенің сапасын жоғарылата алатынымызды қадап айтты. Әділетті қазақстанды құру үшін мұғалімнің ролінің басым екенін меңзеген мемлекет басшысы осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынатынын және 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектеп табалдырығында білім алуына жағдай жасалатынын жеткізді. Бұл біздің білім беру саласының мамандары үшін ғана емес, білімге құштар ұрпағымызға да арналған тың жоба болары сөзсіз. «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз жастардың білімінде»,- деп бүгінде пікірталасқа айналған екі тілде оқыту мәселесіне де тоқталды. Екі тілді жетік меңгерген жастарды тәрбиелеу бүгінгі қоғамның заманның талабы екенін айтып өтті.

Сонымен қатар білім алу үшін жылдық мөлшері 2-3 пайызды несие беру бастамасын да көтерді. Бұл бір емес бірнеше баласы қатар студент атанатын ата-аналар үшін таптырмас қолдау болды.

Балаларымыздың жарқын болашағы үшін жасалған, жаңа, әділетті қазақстан реформасының сипатына сәйкес келетін ең маңызды бағдарламалардың бірі «Ұлттық қор балаларға» екені сөзсіз. Бұл ұрпағының болашағына алаңдаулы еліміз үшін де, ата-аналар үшін игі бастама болғаны анық.

«Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы азаматтарымыздың денсаулығы мықты білімі терең болуы керек»,- деп Президент Қ.К. Тоқаев білім мен денсаулық саласына арналған тың бағыттарды түйіндеді.

Әрбір халыққа жолдауында баса назар аударып, жіті қадағалайтын саласы құқық қорғау еді. Бұл жолы да – бұл сала назардан тыс қалмады. Елдігіміз бен тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп бірлігімізге сынақ болған қасіретті «Қаңтар оқиғасын» еске алды. Аумалы-төкпелі заманда, жан-жағымыздағы алпауыт елдермен қатар дамып, өз ұлтымыз бен жерімізді сақтап болашаққа аманаттау үшін ел бірлігі ауадай қажет екендігін жеткізді. Ұлтымыздың қанымен, бабалардың мұрасымен жеткен кешірімшілдік, аяушылық таныту, рахымды болу сияқты адам жанының бәрінен биік тұратын ізгі қасиеттерін алға тарта отырып, қаңтардағы қырғынға қатысып, бірақ ауыр қылмыс жасамағандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім жарияланғанда абақты мен ағайын арасын тоздырып жүрген, өз кінәсін мойындап, өткеннен сабақ алған кінәлі азаматтардың жақындары үшін сүйіншілеген жаңалық болғаны рас. Көптің батасын, жақсының ізгі тілегін алуға септігін тигізген бұл шешім жұртымыздың ынтымағы мен татулығының берік болуына, Отанымыздың аман болуына киелі қолдау болғай!

Мемлекет басшысы осы жылғы күздегі кезектен тыс Президент сайлауы мен ондағы конституциялық өзгерістерді де халыққа байыппен жеткізіп, 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты басты саяси институттардың қайта жаңғырған, жаңарған нұсқасын көре аласыздар,- деді және бұл қадамдардың барлығы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деп аталатын формуламен жүзеге асатынын басып айтты. Бұл жобалардың атында ғана емес астарында да ел мен биліктің ортасын көзге көрінбес қылдай үзілмей жалғап тұратын ашық, әділетті қоғам идеясы жатқанын аңғаруға болады.

Жоғарыда айтылып өткен тың жобалар мен бастамалардың қай-қайсысы болмасын еліміздің ішкі тыныштығы мен құқықтық тәрбінің қалқаны болып жүрген Ұлттық ұлан жауынгерлерінің әлеуметтік, қаржылық жағдайын жанап өтпесі сөзсіз. «Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз», – деген Президентіміздің халықтың бірлігі, ел игілігі және жарқын болашағы үшін жасап жатқан барлық бастамаларына, Отанымыздың бейбітсүйгіш саясатына – біз Ұлттық ұланның сардарлары мен сарбаздары, ерекше қолдау білдіре отырып, қоғам тыныштығы мен ішкі бірлігімізге кепіл болып, әрқашан қырағы қызмет етуге дайынбыз!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

6506 әскери бөлімінің командирі

полковникБауыржан Қабылбеков

Алдыңғы пост
Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кетті
Келесі пост
Балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді жұлқылаған сәті видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu