Алматыда ер адам тойда өнер көрсетіп келген әртістерді тонап жүрген. Алатау аудандық Полиция басқармасында хабарлағандай, 31 жастағы күдікті – сериялық ұры болып шыққан. Polisia.kz жазуынша, оның осы уақытқа дейін ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бары анықталған.
«Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларына түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.