Түркістан облысының әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазды

Теги:
332

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге туралы өтініш жазды. Облыс әкімдігіндегілердің мәліметінше, өтініш 24 тамызда жазылған.

Еске салсақ, 24 тамыз күні Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты оқылған үкім заңды күшіне енді. Дәл осы күні Алматы қалалық соты аппеляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды.

Экс-шенеунік 50 млн теңге пара алды деп айыпталып, сот оны кінәлі деп тапты. Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Дәурен Мақажанов күдікті ретінде ұсталған соң Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тілшілерге берген брифинг кезінде егер Кентаудың бұрынғы басшысының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Дәурен Мақажанов 2019 жылдың сәуірінде Кентау қаласына әкім болып тағайындалған.

Алдыңғы пост
Шымкентте Қазақстанның дәстүрлі қолөнер фестивалі аяқталды
Келесі пост
Шымкентте жан түршігерлік жол апатынан әйел көз жұмып, үш баласы жарақат алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu