Шымкентті кәріз жүйесімен қамту үшін 20 нысанның құрылысы жүріп жатыр

Теги:
373

Шымкентте елдімекендерді кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі таңда шаһар 54% кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60-ға жеткізу жоспарланған.

Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков брифинг кезінде айтты.


Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.

“Осы арқылы 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады”,-деді басқарма басшысы.

Жалпы Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75%-ға артатын болады.

Спикер бұдан өзге халықты ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал қалған 3 елдімекен ауыз суды кестемен тұтынуда.

«Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты»,-деді ол.

Айта кетейік, Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде шымкенттіктердің 99% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қаланың 54% – ы кәрізбен қамтылған, биыл бұл көрсеткішті 60-қа дейін жеткізу жоспарлануда. Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков мәлімдеді. Оның мәліметінше, жыл соңына дейін кәріз жүйесіне Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, солтүстік-шығыс, Шолохов, Жұлдыз елді мекендері қосылатын болады.

“Осының арқасында 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесіне қол жеткізе алады. Бұдан басқа, Арғынбеков коллекторының, Тұран ішкі магистралінің, Достық КНС (реконструкциялау), Бозарық шағынауданының ауданы 74 га магистральдық кәрізінің құрылысы аяқталады”, – деді басқарма басшысы.

Жалпы, Шымкент қаласын дамыту жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту 75% – ға ұлғайтылатын болады.

Алдыңғы пост
Күзде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азамат әскерге жіберіледі
Келесі пост
ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 60 ПАЙЗҒА ЖЕТЕДІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu