Павлодарда 52 жастағы тұрғын көрші балаларға шалбарын шешіп, ұятты жерін көрсеткен. Оны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны “zhaloby_pavlodar” Telegram-каналы жариялады.
Polisia.kz мәліметінше, орта жастағы тұрғын ұсталды. Полицейлерге Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы шағым келіп түскен.
«24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, балаларына көршісі ұрысып, өзінің шалбарын түсірген. Осыдан кейін ауыл тұрғыны мас күйдегі көршісіне ескерту жасаған. Ол ескертулерге теріс жауап беріп, тағы шалбарын шешкен», – деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.
57 жастағы ер кісіге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
25 тамызда сот қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.