393
Батыс Қазақстан облысында 21 тамыз күні сағат 12.00 шамасында Ақжайық ауданындағы Базаршолан ауылынан 8 шақырым жердегі Қыдырбай қыстағынан шығып кеткен 18 жасар студенттің денесі табылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің мәліметінше, құтқарушылар жас жігіттің мәйітін Жайық өзенінен алып шыққан.
«25 тамыз күні күнізгі уақытта жедел құтқару жасағы Ақжайық ауданындағы Базаршолан ауылынан Тайпақ елдімекеніне қарай 10 шақырым 18 жасар жігіттің денесін Жайық өзенінен алып шықты. Ол суға киімімен батып кеткен» деп атап өтті департаменттегілер.