Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстваның бұрынғы басшылығы мен өзге де лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Өсіповке және лауазымды адамдар Д.Акиповке, Н.Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады» делінген ақпаратта.
Кәрім Мәсімов пен Ануар Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Дәулет Ерғожиннің әрекеті ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Өсіпов әрекеті ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Акипов және Бекмұраттың әрекеті ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланған.
«Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңінде Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 қазанға дейін, Ерғожинді 13 қазанға және Өсіповті 22 қазанға дейін ұзартылды» деп атап өтті комитеттегілер.