Қорғаныс министрлігі әскердегі суицид оқиғаларының жиілеу себебін түсіндірді

Теги:
342

Еліміздің Қорғаныс министрлігі соңғы кездері күштік құрылымдарда орын алған өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің жиілеу себебін түсіндірді. Ведомства мәліметінше, әскери қызметшілердің өлімі тек Қарулы күштерде ғана емес, басқа да әскер түрлерінде орын алып отыр.

Бағыныстылардың өмірі мен денсаулығына ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты. Бейбіт уақытта аталған күштік құрылымдар Қарулы күштердің құрамына кірмейді. Сол үшін Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды екен.

«Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты шарасыз қадамға бару ол адамның туыстары мен жақындары үшін үлкен қайғы. Командирлерге де жауынгерден айырылу ауыр шығын. Қарулы күштерде болған әрбір жағдайды әскери полиция қызметкерлері және басқа да қылмыстық қудалау органдары мұқият тексереді. Тексеру нәтижелері өзіне-өзі қол жұмсау көп жағдайда әскери қызмет өткерумен байланысты емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді осындай әрекетке итермелейтін әр түрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек» делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта ведомства бастамасымен суицидтің алдын алуға бағытталған бағдарлама әзірленіп жатыр екен.

«Қорғаныс министрлігінің бастамасымен ғылым, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әскери ортада орны толмас шығындарды барынша азайтуға және суицидтің алдын алуға бағытталған «Өмірді сақта» кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр. Еліміздің күштік құрылымдарының қызметі туралы толығырақ осы ведомстволардың ресми сайттарынан таныса аласыздар. Барлық сұрақтар бойынша Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуға болады» деп атап өтті министрліктегілер.

Алдыңғы пост
Алматылық жұп туғанына алтын күн болған сәбиін 2 млн-ға сатпақ болды
Келесі пост
Әскердегі сарбаздың «беташары» жұрттың ашуын тудырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu