Нұр-Сұлтанда жас жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан. Оқиға Конституция көшесіндегі кафенің алдында болған. Полицияның 102 пультіне төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Түнгі сағат 02:00 шамасында 30 жастағы жәбірленуші көңіл көтеру орнына келген. Содан ол мас күйінде кафенің ішінде басқа екі клиентпен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Кафенің кіреберісінде мәселені шешу барысында оларға 25 жастағы белгісіз жігіт қосылған. Ол агрессивті түрде әрекет етіп, жәбірленушінің бетіне жұдырығымен соққы берген.
«Полицейлер күдіктіні ұстап, “Сарыарқа” ауданының полиция басқармасына жеткізді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.