Еңбек министрлігі жыл басынан бері қанша адамға АӘК төленгенін айтты

Теги:
427

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындаған. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінген.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Ведомства мәліметінше, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«2022 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айындағы төтенше жағдай режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушыларға Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді» деп түсіндірді министрліктегілер.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді
Келесі пост
Бір әулеттің 14 келіні жас жұбайларға тосын сый жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu