351
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасына сот үкімі оқылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілердің мәліметінше, комиссия төрағасы Жанатбек Жаппаров «Алаяқтық» бабымен айыпталған. Тараз қалалық №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Жанатбек Жаппаров 2020 жылдың қыркүйек айында субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған.