Аяғы ауыр жас келін атасы мен енесіне бұл қуанышты жаңалықты тосын сый ретінде жеткізді. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Дастархан басында отырып, алаңсыз теледидар қарап отырған ата мен анаға ұлы мен келіні үлкен қорапқа салынған сыйлықты алып келеді. Үлкендер бұл сыйлыққа таң қалысып, енесі қорапты ашқанда бірнеше шар шығады. Ал ішіндегі кішкентай қорапқа нәрестенің киімі салынған. Бұл жаңалықты бірден түсінген қайын ене қуанғаннан көзіне жас алып, келінін құшақтап, қуанышын жасыра алмайды. Ал әкесі ұлын құшақтап, құттықтайды. Мұнан соң қайын атасы келіннің маңдайынан сүйіп, ризашылығын білдіреді.
Видеоны көрген желі қолданушылары бұл көптен бері бала күткен ата-ана үшін үлкен сыйлық болғанын, ал бейжазба өте әсерлі шыққанын алға тартты. Аяғы ауыр келіншекке аман-есен босанып алуын тіледі.