«Жар-жар». Үйленгендеріне 50 жыл болған ата мен әжейге балалары дүркіретіп той жасады

Теги:
340

Шаңырақ көтергендеріне жарты ғасыр уақыт болған ата мен әжей алтын тойларын дүркіретіп атап өтті. Салтанатты кешті ұйымдастырушылар тойдың видеосын ТікТок парақшасында жариялады. Онда қалыңдық пен күйеу жігіттің киімін киген ерлі-зайыптылар тойхана алдына лимузинмен келеді. Той ғимаратына кірген сәтте «Жар-жар» әні орындалып, үлкендер шашу шашады. Ең қызығы, алтын той иелері қыз жолдас пен күйеу жолдасты да ұмытпаған. Бұдан өзге тойда ерлі-зайыптылар торт кесіп, ал АХАТ қызметкері оларды қуанышты сәттерімен құттықтайды. Той ортасында ақ көйлек киген әжей құрбыларына қалыңдық гүлін лақтырады.

Видеоны жариялаған автордың мәліметінше, ата мен әжейдің балалары ата-анасына заманауи стильдегі той жасап берген. Олар 50 жылдан соң қайта үйленгендей әсер алған.

Тойдағы бейнежазбаны көрген желі қолданушылары той иелеріне тәнті болып, ұзақ ғұмыр тіледі. Басым көпшілігі балаларының ата-анасына жасаған сыйына риза болды.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполистің әуежайында жаңа терминал пайда болады
Келесі пост
Ауыл әкімі Instagram мен Whats App-та өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu