Самурынға ет асқан әйелдер жұрттың ашуын тудырды

Теги:
459

Әлеуметтік желілерде көптің ашуын тудырған видео пайда болды. Онда табиғат аясында демалуға келгендердің самаурынға ет асып жатқанын көруге болады. Және олар тамақ әзірлеу сәтін әдейілеп видеоға түсірген. Онда екі әйелдің бірі самаурын ішіндегі ет сорпасының бетінен көбігін алып жатады.

«Тамақ пісті, аш… Сорпасын қайдан ішеміз бұның?»,-дейді видеоға түсіріп тұрған ер кісі.

Тамақ әзірлеп жүргендер еттің сорпасын самаурынның шүмегінен құятынын алға тартады. Сәлден соң қамыр салынатынын жеткізеді.

Әйел адамдарының айтуынша, баяғы заманда әжелеріміз самаурынға жұмыртқа пісіріпті.

Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Басым көпшілігі ересек адамдардың бұл әрекетін сынап-мінесе, енді бірі адамнан айла артылмайтынын айтып, пікір қалдырды.

«Ойған келгенін істейтін заман болды. Самаурын табылғанда, ет қайнатуға қазан табылмай қалыпты ма? Өзіңді қорласаң да қазан мен асты қорламашы», «Жыртыңдаған есерсоқтар! Осы да жаңалық па? Қара қазанның қасиетін кетіріп еріккендер», «Неткен дарақылық! Ұят», «Қандай күшті, қамыр қалай пісіпті? Мұндайды өмірімде бірінші көріп тұрмын», «Таппайтындары жоқ», «Адамнан айла артырмас деген осы», «Қазанды ұмытып кеткен болар, еш әбестігі жоқ», «О, Алла! Самаурынға ет асқанды алғаш рет көруім», «Еріккендер-ай» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Шымкентте такси жүргізушісінің мәйіті табылды
Келесі пост
Жамбылда Талас өзенінен атасы мен немересінің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu