326
Шымкентте Абай ауданындағы тұрғын үй отқа оранып, ұйқыда жатқан үй иесі өртеніп кетті.
Өрт сөндіру қызметіне оқиға туралы хабарлама 25 шілде күні сағат 00:15-те келіп түскен. Жалпы аумағы 81 шаршы метрді алып жатқан тұрғын үйдің 36 шаршы метрін, яғни екі бөлмесіндегі үй заттары толығымен өртеніп кеткен. Қонақ бөлмесіндегі лай мен қамыстан жасалынған төбе жаппасы құлаған.
«Өрт сағат 00:44-де оқшауланып, сағат 01:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің салдарынан 1951 жылғы ер азаматтың денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды»,-деді Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобындағылар.