334
Семей қаласында кәріз құдығынан белгісіз екі ер адамның мәйіті табылды. Қалалық Полиция департаментіндегілер тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Аталған жайтқа қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды» деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланған болуы мүмкін.