Жастармен кездескен Шымкент әкімі: «Бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет»

Теги:
368

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов AMANAT партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезіне қатысып, шымкенттік делегаттармен кездесті.

Кездесуде жастар съез барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады. Еліміздің әр тарапынан келген белсенді жастармен тәжірибе алмасып келуге мүмкіндік берген партияға алғыстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Мұрат Әйтенов қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, оларға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі үміті, сенімді тірегі екенін нақты көрсетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей, жастар үшін маңызды білім, еңбекқорлық және отаншылдық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет. Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз. Ай сайынғы жастармен кездесу жалғаса береді. Әрдайым жалынды ойларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз», – деді шаһар басшысы.

Алдыңғы пост
Шахмат ойындары оқушылар үшін арнайы пән ретінде оқытылуы мүмкін
Келесі пост
6 қыздан кейін ұлды болатынын білген әке көз жасын тыя алмады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu