​Досын үйіне қонаққа шақырған ер кісі ақшасынан айырылды

375

Шымкентте 44 жастағы ер кісі бір жылдан бері таныс жолдасын үйіне қонаққа шақырып, соңында ақшасынан айырылды. Осылай деген жәбірленуші полицейлерден көмек сұраған. Ер кісінің айтуыша, досы үйіне келген кезде ас үйде тұрған қол сөмкесінің ішінен қомақты қаржыны жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 130 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті тәулік ішінде қала аумағында ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 41-де, жұмыссыз.

«Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді. Қазіргі кезде ұрланған ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Алматыдағы бірегей бақ әлемдік рекорд орнатуға үмітті
Келесі пост
Жылу берудегі ақаулар үшін «Риддер ЖЭО» АҚ жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu