​Алматыда жас жігіт 1,5 сағат ішінде екі ұрлық жасап үлгерген

318

Алматыда 24 жастағы жігіт бір жарым сағаттың ішінде екі ұрлық жасаған. Әккі ұры көп ұзамай ұсталды.

«Жас жігіттен үш ұялы телефон табылды және тәркіленді. Олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Қаскөйдің базарлардың бірінде жүргендігі және бір жарым сағаттың ішінде екі рет ұрлық жасағандығы анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полицейлер қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу күдіктінің 7 ұрлыққа қатысы барын анықтады.

Алдыңғы пост
Шымкенттік сиқыршы Қытай циркінде бағдарлама дайындауда
Келесі пост
Бас прокуратура әлеуметтік желілердегі заңсыз митингілерге шақыруларға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu